Елімізде үш күнде 1420 қылмыс тіркелді– Ішкі істер министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасын жүргізіп, үш күнде 1420 қылмыстың тіркелгенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Желтоқсан мерекесі қарсаңында ел аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өткізілді. Шараға Ішкі істер органдарының 17 мың қызметкері және Ұлттық ұланның 4 мыңнан астам әскери қызметшісі қатысты. Науқан арқылы үш күнде 1 420 қылмыс тіркелді және бұрын жасалған 338 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 80 қылмыскер ұсталды», - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрлікте өткен онлайн брифингте.

Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған 43 мыңнан астам адам тексеріліп, 335-інің шектеулерді бұзғаны анықталды.

Есірткі заттарын сақтағаны үшін 93 адам, суық және атыс қаруын алып жүргені үшін – 235 адам ұсталған.

45 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған, оның ішінде 4,5 мыңнан астам ұсақ бұзақылық, 2 300 – тыныштықты бұзу, 6 мың – спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас болу тіркелген.

Кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылықтардың да алдын алуға көңіл бөлінді.

«6 мыңнан астам ата-ана балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта өз беттерімен жүруіне қатысты 2300 жағдай анықталды.


Соңғы жаңалықтар