Елімізде ҮЕҰ-лерге арналған жаңа грант түрлері енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жобалар сияқты грант түрлері енгізіледі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице -министрі Болат Тілепов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ол үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың мемлекеттік тетіктерін жетілдіру көзделіп отырғандығын айтты.

«Бұл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландыруға қатысты. Нақты айтар болсақ, көптеген сарапшылардың ой-пікірі мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарын есекере отырып, әлеуметтік гранттар беру қағидаларына өзгерістер енгізілді және осы жылдың соңына дейін тағы да заңнамалық тұрғыда жаңашылдықтар болады», - деді вице-министр.

Сонымен қатар Болат Тілепов заңнамалық өзгерістерге тоқталды.

«Оның аясында елімізде қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жобалар сияқты грант түрлерін енгізу ұсынылады. Осылайша, жұмысы тұрақты жолға қойылған қоғамдық ұйымдар «орта мерзімді және ұзақ мерзімді гранттар» ала алады, ал жұмыс тәжірибесі аз үкіметтік емес ұйымдар тек «қысқа мерзімді» гранттарға үміткер бола алады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар