+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Елімізде тұрғын үй саласындағы операция рекордтық көрсеткішке жетті

2021 жылғы 6 сәуір 13:24
Бөлісіңіз:
Елімізде тұрғын үй саласындағы операция рекордтық көрсеткішке жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жылжымайтын мүлік саласындағы операция көлемі өткен жылмен салыстырғанда ақшалай мәні 37,7%-ға өсіп, 2020 жылдың қаңтар-ақпанында 1,52 трлн теңгені құрап, нақты өсім 41%-дан асты. Бұл осы уақытқа дейінгі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Алматы жастары» арқылы пәтер алғысы келген 3,8 мың адамның өтініші қабылданбады Нұрлы жер: Степняк қаласында көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр Елордалық көпбалалы отбасыларға жалға баспана беру кезінде заңсыздықтар тіркелген

Делдалдық қызметтер 17%-ға қысқарды, дегенмен ағымдағы жылдағы тұрғын үй нарығындағы дүрбелең сектордағы бағаның өсу қозғаушысына айналуы мүмкін.

Сектордағы қызметтердің жартысы жалға беру және өз жылжымайтын мүлігіңді басқару қызметіне тиесілі: 883,2 млрд теңге. Қосалқы жалға беру пен жалға алынған жылжымайтын мүлікті пайдалану қызметіне 313,6 млрд теңге тиесілі.

Өндірістік емес жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу және жалға беру кезінде көрсетілетін делдалдық қызметтер тек 18,1 млрд теңге болды – өткен жылға қарағанда ақшалай 16,8%-ға төмен.

Айтып өту керек, ағымдағы жылдың алғашқы екі айында сату-сатып алу келісімдері зейнетақы қорына үй сатып алу мүмкіндігінің арқасында 2020 жылдың қаңтар-ақпанына қарағанда 44,2%-ға өсті. Бұл 2021 жылы делдалдық қызметтің көлемін өсіруі мүмкін.

Өндірістік-техникалық мақсаттағы жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу және жалға берудегі делдалдық қызметтер бірден 79,2%-ға қысқарып, 1,3 млрд теңге болған.

ҚР өңірлерінің ішінде жылжымайтын мүлікке қатысты қызметтердің төрттен үші Қазақстанның екі үлкен мегаполисіне тиесілі – Нұр-Сұлтан (593,5 млрд теңге) және Алматы (536,4 млрд тг).

Сектордағы ең төмен көрсеткішті оңтүстік өңірлер көрсетті – Түркістан (5,5 млрд теңге), Қызылорда (6,3 млрд теңге) және Жамбыл (7,4 млрд теңге) облыстары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT