Елімізде тұрғын үй нарығындағы баға қалай өзгерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың наурызында жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 0,1 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылғы наурызда өткен аймен салыстырғанда абаттандырылған және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді қайта сату бағасы 0,3, жаңа тұрғын үйлерді сату 0,1 пайызға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,6 пайыз жоғары болды», - делінген комитет ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, наурызда жаңа тұрғын үйлердің бір шаршы метрі 297 170 теңгені құраса, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату шаршы метрі 206 072 теңге болған. Ал абаттандырылмаған тұрғын үйлердің бір шаршы метрінің сатылым бағасы 128 097 теңгені құрады.


Соңғы жаңалықтар