Елімізде төтенше жағдай режимін бұзған 64 адам қамауға алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде төтенше жағдай режимін бұзған 64 адам қамауға алынды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірден айтайын, азаматтарымыздың басым бөлігі төтенше жағдай режимі талаптарына түсіністікпен қарайды. Дегенмен, барлығы бірдей олай ойламайды. Негізінен заңбұзушылықтар Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 476-бабы бойынша орын алуда. Жауапкершілік шарасы - 10 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 15 тәулікке қамау», - деді министр.

Оның айтуынша, өкінішке қарай, шектеулерге қарамастан барлық өңірде тойлар мен жиындар, салтанатты шаралар өтіп жатыр. Кафелер мен интернет-клубтар, балаларға арналған үйірмелер жұмыс істеп тұр.

«Осындай 313 дерек анықталды. 94 адам жауапқа тартылып, оның 64-і қамауға алынды», - деді Дәурен Абаев.


Соңғы жаңалықтар