Елімізде тағы 14 адамнан коронавирус анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 наурыз сағат 14:40 жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 14 адам тiркелді, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласында - 11 адам, Алматы қаласында - 3 адам. Бұл туралы ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 162 адам, Алматы қаласында – 67 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам,

Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам,
Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, жалпы 265 науқас тіркелді.


Соңғы жаңалықтар