Елімізде студенттер мен оқушылар лигаларының саны артады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова балалар-жасөспірімдер спорт клубтарының саны ұлғайтылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спорт түрлері бойынша студенттер мен оқушылар лигаларының санын арттыру жоспарлануда. Бүгінде аталған лигалар 7 ойын спорт түрлері бойынша Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейде өткізілуде. Лигаға 1,5 млн оқушы мен студент тарту жоспарланып отыр», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, елімізде 579 балалар-жасөспірімдер клубы және 107 балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубы жұмыс істеуде. Осы орайда балалар-жасөспірімдер клубын 700-ге дейiн, ал балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубтары санын 340-қа дейін жеткізу жоспарланған. Бұл шаралар спортпен шұғылданушылар санын 100 мың адамға ұлғайтады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, өңірлердегi дәрігерлік дене шынықтыру диспансерлерінің жұмысын ұйымдастыру көзделiп отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, дене шынықтыру мұғалімдері сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100 пайыз мөлшерінде қосымша ақы алуы мүмкін.



Соңғы жаңалықтар