Елімізде спортпен жүйелі түрде айналысатын балалардың саны қанша

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры Тастанбек Есентаев мектеп оқушыларын жаппай спортқа тарту жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұқаралық спортты дамыту тұрғысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жол картасы әзірленді. Жол картасының негізгі мақсаты – бұқаралық спортпен, мектеп оқушыларының спортпен айналысуына мүмкіндік жасау», - деді Т. Есентаев Орталық комумникациялар қызметінде.

Қазіргі кезде Қазақстанда 1252 мектептен тыс мекеме, мектеп жанында 63 мың үйірме, 39440 спорт секциясы, 3 мыңға жуық мәдени-демалыс ұйымы бар. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мектеп оқушыларының кемінде 42 пайызын спорт секцияларымен қамту көзделген.

Оның сөзіне қарағанда, жүйелі түрде спортпен айналысатын балалардың саны 1 млн 260 мыңнан (оқушылардың 36 пайызы) асты. Қазір мектептерде бұқаралық дамытуға жаңа жобалар әзірлеу мақсаты қойылған.

Дене тәрбиесі мұғалімдерін сабақтан тыс сабақтар өткізуге ынталандыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында дене тәрбиесі педагогтеріне сабақтан тыс секция өткізгені үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100% мөлшерінде қосымша ақы енгізіледі.

Айта кетейік, Жолдауда Мемлекет басшысы бұқаралық спортқа байланысты бірқатар атқарылатын жұмыс легін пысықтап, қазіргі жағдайда кəсіби спорт клубтарын мемлекет тарапынан қаржыландырудың қажеті жоғын ашып көрсетті.


Соңғы жаңалықтар