Елімізде проблемалы алименттер мәселесі қалай шешіліп жатқаны айтылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Берік Беркімбаев проблемалы алименттер мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде елімізде сот орындаушыларының қарауында 210 мың алименттік іс болса, соның 5 пайызға жуығы проблемалы алимент ретінде тіркелді. 2019 жылы бұл көрсеткіш 18 мыңға жуық болған. Былтыр жергілікті атқару органдарымен бірлесіп меморандум жасап, осы бағытта 7-8 айда проблемалы алименттер санын 6,5 мыңға төмендеттік», - деді Берік Беркімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, жергілікті атқару органдары жұмыс орындарын ұсыну шараларын ұйымдастырды.

«Осының нәтижесінде, 2,2 мыңға жуық жұмыссыз берешегі бар адам жұмысқа тұрды. Одан басқа, ақшасын төлемей жүрген 500-ге тарта адамның көлігі айыптұраққа қойылды. Осы бағыттағы жұмыстардың арқасында алимент бойынша біраз қаржы төленді», - деді Б. Беркімбаев.


Соңғы жаңалықтар