Елімізде өндірілетін көмір көлемі қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев елімізде көмір бағысының тұрақтылығына қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешені аясында Министрлік энергия өндіруші ұйымдарды қолжетімді бағамен көмірмен қамтамасыз ету және жаңа импортты алмастыратын жобаларды іске асыру бойынша шараларды қамтыды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша елімізде шамамен 110 млн тонна көмір өндірілді. Оның ішінде жыл сайын 60 млн тоннасы энергия өндіруші ұйымдарға, 6 млн тоннаға жуық өнеркәсіптік кәсіпорындарға және 10 млн тоннадан астам коммуналдық тұрмыстық қажеттіліктерге жөнелтіледі», - деп тоқталды Қ. Өскенбаев.

Оның айтуынша, қазір барлық өңірлер коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге көмірмен қамтамасыз етілген. Өңірлердің барлық көмір тұйықтарында көмір бар. Бағасы тұрақты.

Энергетикалық секторға көмірді жөнелтуді негізінен бес ірі көмір компаниясы жүзеге асырады, олар келесі көлемдермен жүзеге асырылады:

1) «Богатырь Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестінің тиеу көлемі 34,5 млн тоннаны құрайды, тиеудің жалпы көлемінің үлесі – 58%;

2) «Восточный» разрезі (ERG) тиеп-жөнелту көлемі 13 млн тонна, үлесі 22%;

3) «Қазақмыс Коал» жауапкершілігі шектеулі серіктестінің тиеу көлемі 7 млн тонна, тиеудің жалпы көлемінің үлесі 12%;

4) «Қаражыра» Акционерлік қоғамының тиеп-жөнелту көлемі 5 пайыздық үлесімен 3,3 млн тонна және «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік қоғамының тиеп-жөнелту көлемі 2 млн тонна.

«Өндірілетін электр энергиясының өзіндік құнындағы көмір шығындарының үлесі 18 пайызды құрайды. Көмір өндіруші кәсіпорындармен энергетикалық сектор үшін бағаны ұстап тұру бойынша тиісті жұмыс жүргізудеміз. Теміржол тасымалының бағасын ұстап тұру бойынша да осындай жұмыстар жүргізілетін болады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар