Елімізде нан бағасы қымбаттай ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР АШМ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов «Қазақстандағы жанармай бағасының өсуінен нан қымбаттамай ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жанар-жағармайдың бағасының өсуі мәселесі біздің елде өте өзекті мәселе емес, өйткені мемлекет ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қолдау шараларын қабылдап, жыл сайын арзан жанар-жағармай материалдарын бөліп отыр. Жылына 900 мың тоннаға дейін бөлінеді, бағасы жанармай құю бекеттеріне қарағанда 15-20% төмен. Сондықтан бағаның өсуі түпкілікті өнімге әсер етпейді деп ойлаймыз», - дейді Азат Сұлтанов.

Оның айтуынша, қазір жағдай бақылауда.

«Бұл мәселе бақылауда. Арзандатылған жанар-жағармайлар кестеге сәйкес аймақтарға - негізінен көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталған оңтүстік аймақтарға жөнелтілді», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар