Елімізде меценаттарға салық жеңілдігі көзделген заң қабылдануы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізге қайырымдылық, волонтер және меценаттың ұлттық рейтингін әзірлеу қажет. Бұл туралы «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» - 30 жылдық серіктестік пен даму» атты IX Азаматтық форумның жалпы отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандағы волонтер қозғалыстарын ынталандырып отыру қажет. «Волонтер тәжірибесі жұмысқа қабылдану кезінде ескеріліп, кәсіби еңбек өтіліне, студенттік тәжірибеге есептелуі өте маңызды. Волонтерлік билік пен қоғамның барлық деңгейінде ынталандырылатын табиғи қайырымды ұмтылысқа айналысу тиіс. Біз қазақстандықтардың өте елгезек әрі әлеуметтік жауапты азаматтар екенін білеміз. Азаматтарымыз су тасқынынан, өзге де ауыртпалықтар мен техногендік апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету өтініштерге бір адамдай ден қойып, қол ұшын бергендерін көрдік. Қайырымдылық шараларының саны жылдан жылға артып келе жатқанын байқап отырмыз. Оның ішінде ауылдық жерлер де бар. Елімізде даңғойлықсыз әрі пиарсыз мемлекет пен қоғамға ірі жобаларды жүзеге асыруға көмектесетін бизнесмен-мецанаттардың жаңа санатының пайда болғанын көреміз. Мыңдаған отандасымызға көмектесіп, оларға қиындықты еңсеруге көмектесіп жүр», - еді Қырымбек Көшербаев.

Оның атап өтуінше, Қазақстан әлемдік рейтингілерде қайырымдылық бойынша аутсайдерлердің қатарында тұр. Сондықтан қайырымдылық, волонтерлік және меценаттықтың ұлттық рейтингі қажет. Бұл ретте Қазақстанның Азаматтық альянсы «Атамекен» ҰКП-мен бірге қайырымдылық пен меценаттық саласында жыл сайын ұлттық баяндама жариялауға бастамашылық жасау керек.

«Бізге меценаттық және қайырымдылық туралы заң қабылдау қажет те шығар. Онда бизнеске салықтан және өзге де жеңілдіктер қарастырылуы мүмкін», - деді Мемлекеттік хатшы.


Соңғы жаңалықтар