Елімізде қылмыстық құқық бұзушылық 35 пайызға азайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 8 айында қылмыстық құқық бұзушылық 35 пайызға қысқарды. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының өткен жылғы Жолдауына байланысты заңнамаға енгізілген толықтырулар елдегі құқықтық тәртіпті одан ары нығайтуға қылмыстық ахуалды төмендетуге септігін тигізді. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың тіркелетін саны қысқарды. Осы жылдың 8 айында өткен жылмен салыстырғанда қылмыстық құқық бұзушылық 35 пайызға аз жасалды. Ұрлық саны 52, тонау 50, бұзақылық 46 пайызға төмендеді. Жолдауды жүзеге асыру нақты қылмыстардың жасалуына қалай ықпал етті дегенге келер болсақ, жыныстық зорлықпен байланысты қылмыстар үштен бірге қысқарды. Бұған жазаның күшейтілуі ықпал еткендігі сөзсіз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, бұл көптеген әлеуетті жәбірлеушілердің жөнге түсуіне септігін тигізіп отыр. Өйткені, бұған дейін жәбірлеушілер жәбірленушілермен татуласып, шынайы жазадан құтылып кететін. Ал бұл оның бостандықта қалып, зорлық-зомбылығын қайта жасауына жол ашып беретін. Қазір мұндай мүмкіндік жолығымен жойылды.

«Мәселен, биыл осында қылмыстар үшін орташа есеппен 5,5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталады. Ауыр қылмыс санатына ауыстырылған бірінше рет ұрлық жасау мен алаяқтық бойынша татуласу мүмкіндігі де алынып тасталды. Бұған үйге кіріп ұрлық жасау кіреді. Яғни, кәсіби ұрылар жасайтын қылмыстар», - деді Марат Ахметжанов.


Соңғы жаңалықтар