Елімізде қосылған жаңа әлеуметтік желі: Қазақстандықтарды қандай мәселелер толғандырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгіннен бастап елімізде алғаш рет GetEmotions атты жаңа әлеуметтік желі іске қосылды. Ол арқылы қазақстандықтар кез келген сұраққа жауап ала алады. Осы орайда отандастарымызды көбіне қандай сұрақтар қызықтыратыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған әлеуметтік желі туралы идея 2018 жылы келді, дегенмен нақты іске асыру 2020 жылдан басталды. Яғни пандемия кезінде желіні әзірлеуді нақты қолға алдық. Ал іске биыл қазан айында қостық. Әрине, алдымен ішкі нарықты, яғни Қазақстанды қамту, одан әрі АҚШ нарығына шығу мақсаты тұр. Біздің желі арқылы қолданушылар хабарлама жіберуден бөлек, сөйлесе де алады. Әрине, хабарласу анонимді түрде жүзеге асады», - деді GetEmotions жобасының негізін қалаушы Айтуған Омаров ОКҚ-де өткен баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ, желі жасаушысы қазақстандықтардан келіп түсіп жатқан сұрақтарға қатысты пікір білдірді.

«Бізге келіп түсіп жатқан сұрақтардың мазмұны әртүрлі. Негізінен өмір туралы, өмірлік құндылық жөнінде десем болады. Келіп түсіп жатқан сұрақтардың дені - адамдардың жеке өміріне байланысты. GetEmotions желісіне қатысты тағы бір жайт, бүгінде біз патент алуға өтініш бердік, хабарын күтіп жүрміз. Біздің желінің артықшылығы сол - әр адамның мәселесі жеке қаралады», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгіннен бастап елімізде жаңа әлеуметтік желі пайда болды.


Соңғы жаңалықтар