Елімізде коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін бе

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Эпидемия басталғалы жансақтау бөлімінен 69 сырқат емделіп шығарылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен елдегі коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай, сонымен қатар Қазақстандағы вакциналардың сапасы мен сатып алулары туралы брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жаңа вирус, жаңа эпидемия болғаннан кейін оның екінші толқыны болатын-болмайтынын айту, болжау өте қиын. Біз біртіндеп, бақылап көруіміз керек. Кейбір мемлекетте ауырғандар саны өсуі қайта байқалып жатыр. Соны болдырмау үшін карантин шараларын дұрыс сақтауымыз керек», - дейді ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, елімізде эпидемия басталғалы бері 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратынан емделіп шыққан.

«Қазіргі уақытта 7 сырқат жасанды тыныл алу аппаратымен жатыр. Жалпы алғанда, эпидемия басталғалы жансақтау бөлімінен 69 сырқат емделіп шықты», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар