+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина халыққа тегін салынады

2021 жылғы 27 қаңтар 18:37
Бөлісіңіз:
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина халыққа тегін салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың алғашқы кезеңі мемлекет есебінен жүргізіледі. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада 440 адам коронавируске қарсы екінші мәрте вакцина салдырды Ақтөбеде 300-ден астам медқызметкер вакцинаның екінші дозасын қабылдады Вакцинацияда вирустық антигендер қанға енгізіліп, иммундық жүйеге тікелей әсер етеді - эпидемиолог

«Қарағанды фармкомбинаты бойынша вакциналарды жеткізу кестесін бекіттік. Ақпанда нарыққа 90 мың доза жеткізіледі. Ал наурызда тағы 150 мың доза өндіріледі. Ал содан кейінгі айларда 600 мың дозадан шығарылады. Сәуір мен мамыр айларынан бастап халықтың басым көпшілігіне вакцинациялау қолжетімді болады», - деді Марат Шоранов тілшілердің сұрағына берген жауабында.

Сонымен қатар бірінші вице-министр қазақстандық вакцина да қатар өндірілетінін айтып өтті.

«Бұл өз кезегінде халықты вакциналаумен көбірек қамтуға мүмкіндік береді. Жалпы жыл соңына дейін 6 млн адамға екпе салуды жоспарлап отырмыз. Алайда мұндай көлемдегі вакцина нарықта болуы керек. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында вакцинация тегін болады. Елде вакциналауды мемлекет есебінен жүргізу қарастырылып жатыр. Үкімет резервінен тиісті қаражат бөлінеді. Тиісінше вакциналау тегін болады», - деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина 1 ақпаннан бастап егілетіндігі хабарланды.

Сонымен қатар 18 жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқан адамдарға вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәлімет жоқ, сондықтан бұл жастағыларға екпе салынбайды. Ал Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге вакцинация мәселесінде дүрбелеңге жол бермеуді тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT