Елімізде коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші сәл төмендеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 шілдедеде коронавирус инфекциясын жұқтырған 187 жағдай тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК сілтеме жасап хабарлайды.

Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 46, Алматы қаласында - 92, Шымкент қаласында – 16,Ақмола облысында – 2, Алматы облысында - 8, Атырау облысында - 6, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Жамбыл облысында - 5, Батыс Қазақстан облысында - 2, Қарағанды облысында - 6, Қостанай облысында - 1, Маңғыстау облысында - 1, Түркістан облысында - 1 адамнан вирус табылды.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 984 жетті.

Айта кетсек, кеше 189 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған еді.

Бұған қоса тағы 48 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.


Соңғы жаңалықтар