Елімізде қорғану костюмдерін шығаратын 3 кәсіпорын іске қосылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы жылдың соңына дейін қорғану костюмдерін шығаратын 3 кәсіпорын іске қосылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медициналық қолғаптарға қажеттілік 83,7 млн жұп қолғапты құрайды. Қазіргі уақытта екі кәсіпорын тәулігіне 330 мың жұп қолғап шығарады. Әрі қарай біз өндіріс көлемін тәулігіне 460 мың жұпқа дейін арттыруды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Оның дерегінше, 6 айға қорғану костюмдерінің қажеттілігі 1,3 млн дананы құрайды Өндіріс көлемін арттыру үшін осы жылдың соңына дейін 3 жаңа кәсіпорынды іске қосу жоспарланған.

«Бұл шаралардың барлығы қорғану костюмдерін өндіру көлемін айына 800 мың данаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар