Елімізде көлік жүргізу мәдениеті төмен - ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде көлік жүргізу мәдениеті төмен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Марат Тұяқбаев айтты.

«2013 жылдан бері жол-көлік оқиғалары, соның ішінде жарақат алғандар мен қаза тапқандар саны азайып келе жатқанымен - бейжай қарауға болмайды», - дейді Марат Тұяқбаев.

Ол жыл басынан бері жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан қаза тапқандар саны азайып келе жатқанын айтты.

«Зардап шеккендердің 40%-ы — жаяу жүргіншілер. Жыл сайын жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайлары миллиондап тіркеледі. Бұл - елімізде көлік жүргізу мәдениеті әлі де төмен екенін білдіреді», - дейді ол.

Сондай-ақ, ол тәуелсіздік алғалы елімізде 83 мың адам жол-көлік оқиғасынан көз жұмғанын айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін ДДСҰ тұрақты өкілі Олег Честнов әлем бойынша жыл сайын 1,5 млн адам жол-көлік апатынан мерт болатыны туралы айтқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар