Елімізде қоғаммен диалогтың жаңа форматы енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметінің бастамасымен әзірленген әрбір заң жобасының алдында жұртшылықпен кеңесуге арналған Консультативтік құжат болады. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Наталья Пан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021 жылғы 12 наурыздағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы заңдарды қабылдаудың неғұрлым ашық тетігін көздейді. Енді Үкіметтің бастамасымен әзірленген әрбір заң жобасының алдында жұртшылықпен консультациялар өткізуге арналған Консультативтік құжат болады. Мұндай құжат саланың проблемасын неғұрлым терең қалыптастыруға және көруге, оларды шешудің әдістері мен тәсілдерін пысықтауға мүмкіндік береді»,- деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, мемлекеттік органдар проблеманы анықтаған кезде тиісті талдау жүргізуге және оның нәтижелерін Консультативтік құжатта көрсетуге тиіс. Бұдан әрі Консультативтік құжат жұртшылықпен және оның нақты нысаналы топтарымен консультациялар өткізу үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланады. Жұртшылықпен талқылаулар «Ашық НҚА» порталында талқылау, жария тыңдаулар мен пікірталастар сынды бір немесе бірнеше тәсілдерді пайдалана отырып жүргізіледі.

«Қоғаммен талқыланғаннан кейін ғана мемлекеттік орган талқыланатын мәселені шешу үшін заң әзірлеудің орындылығы туралы шешім қабылдайды. Осылайша, халық заңнамалық бастаманың ең ерте кезеңінен бастап уәкілетті органдар қабылдаған шешімдерге тартылатын болады», - деді Наталья Пан.


Соңғы жаңалықтар