Елімізде қанша шетел азаматы коронавирустан емделіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус тіркелгелі бері еліміздегі стационарларға 21 шетелдік азамат түсті. Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфирде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус жағдайы тіркелгелі еліміздегі стационарларға 21 шетелдік азамат түсті. Оның 14-і емделіп шықты. Жетеуі қазір емделіп жатыр, оның екеуі - Нұр-Сұлтан қаласында, үшеуі - Атырауда, біреуі - Қостанай облысында және енді біреуі - Солтүстік Қазақстан облысында. Олардың жағдайы бірқалыпты», - дейді ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 18 наурыздан бері елімізге Ресейден 3 мыңнан астам қазақстандық келген.

«Бұл - студенттер, вахталық әдіспен жұмыс істеген адамдар», - дейді Айжан Есмағамбетова.



Соңғы жаңалықтар