Елімізде қандай мектептер штаттық режимде жұмыс істейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 1 080 шағын жинақталған мектеп штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен мектеп оқушыларының ІV тоқсанда қашықтан оқу жүйесіне арналған онлайн конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқушыларды қашықтан оқытудың төртінші тетігі – штаттық режимде оқу. Елімізде 1 080 шағын жинақталған мектеп бар. Олар шалғайда орналасқан, 80-100 аралығында оқушы оқитын мектептер. Ол жақта коронавирус қаупі аз, сондықтан жергілікті атқару органдарының шешім қабылдауымен осы мектептер штаттық режимде оқуын жалғастырады. Дәстүрлі режимде сабақ жүргізіледі десек те, ауылдық жердегі көп мектеп бір ауысымда оқиды. Оларды екі ауысымға көшіреміз және карантиндік режимді іске асырып, бір кабинетте ғана сабақ жүргізілсін деген хаттама бекітіп бердік», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар