Елімізде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жыл сайын жоспарлы түрде жүргізілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрлігі арxеологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жыл сайын жоспарлы түрде жүргізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тариx және мәдениет ескерткіштеріне арxеологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды ретсіз жүргізу - айтарлықтай маңызды мәселе. Бүгінгі таңда қолданыстағы заң осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу үшін лицензияның болуын ғана талап етеді. Сондай-ақ бұл жұмыстар Мәдениет және спорт министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар тарапынан да қаржыландырылады. Сонымен қатар, бюджеттен тыс қаржы тарту арқылы да жүргізіле береді. Мұндай келіспей жүргізілген жұмыстар қазба жұмыстарының бақылаусыз қалуына және реставрациялық жұмыстардың сапасыз орындалуына алып келеді. Археологиялық жұмыстарды жүргізуші ұйымдар көп жағдайларда қазған объектісін консервацияламай, территориядан топырақ үйінділерін шығармай жатады. Бұл өз кезегінде объектілердің тариxи-мәдени маңыздылығының жойылуына әкеп соқтырады», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы Нұрқиса Дәуешов сенаторлардың алдында.

Жоғарыда баяндалған жәйттердің негізінде министрлік заң жобасы арқылы арxеологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жыл сайын жоспарлап отыруды ұсынды.

«Жоспар орталық және жергілікті атқарушы органдар мен заңды және жеке тұлғалардың ұсыныстары негізінде жасақталып, уәкілетті органмен (МСМ) бекітіледі. Сондай-ақ көрсетілген жұмыстарды жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде уәкілетті органның құзыреттілігі қарастырылған. Аталған барлық құқықтық шаралар арxеологиялық және реставрациялық жұмыстарды ретке келтіруге, жүйелеуге, ең бастысы қосарлап қаржыландыруды жоюға мүмкіндік береді», - деді ол.

Айта кетсек, Нұрқиса Дәуешов Сенатта «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заң жобасы мен «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қорғаған болатын.

Соңғы жаңалықтар