Елімізде еуропалық үлгідегі жаңа жол белгілері орнатыла бастады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Елімізде алғаш рет еуропалық үлгідегі жолдың қауіпсіздік белгілері орнатыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Аталмыш белгілер көліктердің қауіпсіздігі үшін орнатылуда.

«Еуропалық үлгідегі жаңа белгілері Жамбыл өңіріндегі А2 «Алматы-Ташкент-Термез» автожолы «Тараз қаласы айналма жолы» учаскесінің 484 шақырымында, «Күйік асуын айналып өту» жолының 556 км, Нұрлыкент елді мекенінің тұсындағы 567 шақырымында (көліктердің кері бұрылатын жер) қойылды. Жаңа үлгідегі жол белгілері қараңғы кезде жол жиегіне жарық түсіреді, жүргізушілердің назарларын аударып жыпылықтап тұрады», делінген хабарламада .null null

Мамандардың айтуынша, аталмыш шара жүргізушінің жолдағы жағдайға жеңіл бейімделуіне және апаттың алдын алуғамүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, «ҚазАвтоЖол» компаниясы алдағы уақытта қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін мұндай жол белгілерін халықаралық дәліздер мен республикалық маңызы бар жолдарға орнатуды жоспарлап отыр.null

Соңғы жаңалықтар