Елімізде ескі автобустарды тіркеу тәртібі өзгереді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілістің жалпы отырысында шығарылған уақыты 10 жылдан асқан автобустарды бастапқы мемлекеттік тіркеуге тыйым салу нормасы түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жалпы отырыста жол жүрісі мәселелері бойынша заң жобасында 10 жылдан асатын автобустарды бастапқы тіркеуге тыйым салу көзделгені айтылды.
«Бұл норма біздің көптеген азаматтарымыздың, әсіресе, ауылдық жерлерде тұратындардың мүделлерін қозғайды. Жасыратыны жоқ, кейбір аймақтарда жолушыларды ескі автобустармен тасымалдайды. Тіпті, өткен ғасырдың 80-ші жылдары шығарылған автобустар да бар. Осы норманы қабылдау ескі автобустарды пайдалануға болмайтын жағдайға алып келмей ме?», - деп сұрады депутат Фахриддин Қаратаев.
Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Қанат Мусин бұл өзгеріс еліміздегі жолаушылар тасымалына ешқандай кедергі келтірмейтінін айтты.
«Қазір пайдалануда жүрген автобустарға қатысы жоқ. Бұл өзгеріс тек бірінші рет Қазақстанға алып келген, алғаш тіркеуге қойылатын автобустарға байланысты. Себебі автобустардың көбісі ескі, осының салдарынан апаттар жиілеп кетеді. Сондықтан тиісті норма енгізіліп отыр», - деді Қ. Мусин.
Айта кетейік, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Құжатта шығарылған уақыты 10 жылдан асқан автобустарды бастапқы мемлекеттік тіркеуге тыйым салу ескерілген.
- Павлодарда бетіне оқ тиген әйел оқиға орнында көз жұмды
- Бір күнде 500-ге жуық әкімшілік құқық бұзу фактісі анықталды - СҚО
- Петропавл тұрғыны үйінен 1 мыңға жуық патрон тауып алды
- Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
-
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
-
Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам