Елімізде Экологиялық жастар театры ашылмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде Экологиялық жастар театрын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастардың экологиялық сауаттылық деңгейін арттыру – бүгінгі күннің өткір тақырыптарының бірі. Бұл бағытта, министрлік тарапынан жүйелі жұмыстар легі атқарылып келеді. Биылғы 25 сәуір мен 25 мамыр аралығында ел бойынша 80 мыңнан астам жастар өкілін қамтыған «Киелі табиғат» республикалық экологиялық жобасы іске асты»,- деді Аида Балаева.

Министр бұл бағытта негізінен ақпараттық-ағарту жұмысына баса назар аударылатындығын баса айтты.

«Алдағы уақытта Экологиялық жастар театры мен арнайы YouTube-арна ашу жоспарда бар», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар