Елімізде денсаулық сақтау саласында екі ұлттық жоба ұсынылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде денсаулық сақтау саласында екі ұлттық жоба ұсынылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау саласындағы үлкен сынаққа қарамастан, өңірлердегі денсаулық сақтау басқармасының басшыларынан азаматтардың денсаулығын жақсарту бойынша шара қабылдауды сұраймын. Министрлік денсаулық сақтау саласында екі ұлттық жоба ұсынады, олар проблемалық мәселелерді ескере отырып әзірленеді. Бұл - денсаулық сақтау жүйесін және отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың ұлттық жобасы. Олар жобалық басқару арқылы іске асырылады»,- деді Марат Шоранов министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның айтуынша, ұлттық жобаларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын Денсаулық сақтау министрлігі биыл 5 наурызға дейін аяқтауды, 2021 жылғы сәуірге дейін – мүдделі мемлекеттік органдармен келісуді және Премьер-Министр Кеңсесіне жіберуді жоспарлап отыр. 1 маусымға дейін Мемлекет басшысы саланы дамыту концепциясын бекітеді, ал 1 шілдеге дейін – Мемлекет басшысы ұлттық жобаларды қабылдайды деп жоспарланған.

2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарлама 4 нысаналы индикаторға бағытталған. Бұл: азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 73,21 жасқа дейін арттыру, жүрек-қан тамыры, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулардан және қант диабетінен мезгілсіз қайтыс болғандар санын 18,86 пайызға дейін төмендету, ана өлімін 17,1-ге дейін азайту, 1 мың тірі туғанға шаққандағы нәресте өлімін 10,1-ге дейін төмендету.


Соңғы жаңалықтар