Елімізде дәнді дақылдардың 85,7 пайызы жиналды – АШМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 81.3 пайызы жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«16 қыркүйектегі жағдай бойынша республикамызда 13,6 млн гектар алқаптағы дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Бұл жалпы алқаптардың 85,7 пайызы. Ағымдағы орташа өнімділік гектарына 9,1 центнерге жетті, жалпы 12,5 млн тонна астық жиналды», делінген хабарламада.

Ведомствоның мәлімдеуінше, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 10,3 млн гектар (89%) егіс алқабы орылып, 8,6 млн тонна астық жиналған. Орташа өнім гектарына 8,4 центнерден келеді.


Соңғы жаңалықтар