Елімізде балалар арасындағы суицидті азайту үшін не істеліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі былтырдан бері бүкіл өңірде кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бағдарламасын енгізе бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бағдарлама 6 өңірде қарқынды іске асырылуда, арнайы сайтта жүйелі мониторинг жасалады.

Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу мәселелері бойынша 2021 жылы 761 денсаулық сақтау маманы және 705 білім маманы (психолог) оқудан өтті.

Онлайн байланыс арқылы пациенттерге ай сайын кеңес беру ұйымдастырылған. 2021 жылы 3880 онлайн кеңес өткізілді.

БҰҰ Балалар қорының (UNІCEF), UNAIDS қолдауымен Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы COVID-19 инфекциясының таралуы кезінде халықты қамтамасыз ету үшін ақпараттық ресурстар ашты.

Бұл интернет-платформада қолжетімді кеңестер, сұрақтарға жауаптар, өзіне-өзі көмек көрсету туралы ақпарат бар.

Сонымен қатар психикалық денсаулық мамандарына, оның ішінде мектеп психологтарына қиын жағдайда көмек көрсету үшін ресурстар бар.

MENTALCENTER QAZAQSTAN YouTube арнасы ашылды, оның мақсаты - ең алдымен психикалық денсаулық саласындағы мамандардың білімін арттыру.

2021 жылғы желтоқсаннан бастап «COVID-19 бар пациенттерге көмек көрсетуге тартылған инфекциялық стационарлар мен МСАК ұйымдарының медицина қызметкерлерінің эмоционалды шаршауын алдын алу мақсатында көмекті ұйымдастыру» жобасы іске асырылып жатыр.

Бұдан басқа, психикалық денсаулықты қорғау қызметінің жұмысын регламенттейтін нормативтік-құқықтық база тұрақты негізде жетілдірілуде.

Психикалық, мінез-құлық бұзылыстарын диагностикалау және емдеу хаттамалары жасалып, жаңартылады.


Соңғы жаңалықтар