Елімізде азық-түлік бағасы бір жылда 10,7% өсті

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Баға азық-түлік тауарларына бір жылда (2020 жылғы мамыр 2019 жылғы мамырға) 10,7% өсті. Бұл туралы ҚазАқпарат статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жемістер, картоп, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал қант, жаңа жиналған көкөністер арзандады.

2020 жылғы мамырда жарма өнімдері тобында қарақұмық жармасына орташа бағасы килограмына 356 теңге (2019 жылғы мамырда – 244 теңге), сұлы жармасына – 364 теңгені (338 теңге), сөк – 370 теңге (307 теңге), күріш 373 теңге (337 теңге) болды.

Құмшекердің орташа бағасы 2020 жылғы мамырда килограмына 211 теңге болса, ал 2019 жылғы мамырда 245 теңге болған.

2020 жылғы мамырда ет және ет өнімдерінен сиыр етінің жауырын-төс бөлігіне орташа баға килограмына 1894 теңгені (2019 жылғы мамырда – 1605 теңге), сүйегі бар қой етіне – 1871 теңгені (1548 теңге), сүйегі бар жылқы етіне – 2166 теңгені (1827 теңге), шошқа етінің жауырын бөлігіне – 1534 теңгені (1355 теңге), шала ысталған шұжыққа – 2220 теңгені (2079 теңге), тауықтың сан етіне – 849 теңгені (761 теңге) құрады.


Соңғы жаңалықтар