Елімізде арнасын батпақ пен қалың шөп басқан өзендер аталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда қандай өзендердің арнасын қалың шөп пен батпақ басу қаупі бар? Бұл сұраққа ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз мемлекеттік органдардың тапсырысымен еліміздегі су қоймаларының режимі мен өзен-көлдерге ғарыштық мониторинг арқылы бақылау жүргіземіз. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы және мал жайылымы үшін қолданылатын су қоймалары да қадағаланады. Одан бөлек, ғарыштық мониторинг арқылы су тасқынын болжау және алдын алудың да мүмкіндігі бар. Болжамды біз Қазгидромет ұсынған деректердің негізінде ғарыштық түсірілім арқылы жасаймыз. Су тасқыны бойынша болжамды сынақ Ертіс өзінене жүргізілді», - деді Баубек Оралмағамбетов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, спикер елімізде өзендер арнасының батпақтануы мен қалың шөптің қаптауы бойынша да ғарыштық мониторинг жүргізілгенін айтты.

«2020-2021 жылғы ғарыштық мониторинг дерегі бойынша Іле, Жайық, Сырдария, Ертіс, Есіл, Шілік, Нұра, Сарысу, Тобыл, Ақсу, Аса және Шу өзені арнасында қалың шөп өскен 2 мың гектар жер анықталды. Сондай-ақ, аталған өзендердің 47,7 мың гектар аумақ жер батпақ басқан. Өз кезегімізде бұл ақпаратты тиісті шара қабылдау үшін құзырлы органдарға жібердік», - дейді ол.

Бұған дейін комитет басшысы Қазақстанда Илон Маск компаниясының спутниктік интернеті сынақтан өткізілетіні туралы хабардар етті.

Соңғы жаңалықтар