Елімізде адамдарға коронавирустың қайта жұғуы тіркелген жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқарма басшысы Роза Қожапова елімізде адамдарға коронавирустың қайта жұғуы фактісі тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда коронавирус инфекциясын қайта жұқтыру жағдайлары тіркелмеді. Бұл жаңа инфекция болғандықтан, оның қайтадан жұғуы мүмкіндігі туралы нақты айта алмаймыз. Өкінішке қарай, бұл сұраққа ешбір елде нақты жауап берілмей отыр. Осы орайда коронавируспен ауырған адам ұзақ бақылауда болған кезде ғана анықталуы ықтимал», - деді Р. Қожапова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Роза Қожапова ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 53 қаулысына түсінік берді.

Демалыс және мереке күндеріндегі шектеу шараларына тоқталсақ, сауда үйлері, сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру бұрынғысынша сақталады. Одан басқа, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының жұмысын тоқтата тұру бойынша шектеу шаралары да сақталады.


Соңғы жаңалықтар