Елімізде 9 ұлттық оператор мәртебесінен айырылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бәсекелестік және монополия саласындағы жаңа заң жобасы мемлекеттік және жеке меншік операторлардың санын қысқартып, жұмысын реттеуге мүмкіндік береді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттік төрағасы Мәжіліс депутаттарына «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда таныстырған болатын.

«Келесі маңызды қадам – мемлекеттік және жеке операторлардың қызметін реттеу. Бүгінде монополияны енгізу негіздерін Кәсіпкерлік кодекс мемлекеттік айқындайды. Сонымен қатар, Қазақстанда мемлекеттік монополия құрмай белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыруға айрықша құқықтарды заңнамалық түрде беру практикасы қалыптасты.

Іс жүзінде мемлекеттік және жеке операторлар деп аталатын балама институт құрылды. Біз 51 операторды анықтадық, оның 47-сі мемлекеттің қатысуымен құрылды.

Енді оларға мемлекеттік монополия субъектілеріне қолданылатын құқықтық шектеу режимі қолданылуы керек», - деді Серік Жұманғарин.

Оның айтуына қарағанда, құқықтық шектеулер аясында ірі операторлардың бейімдігінен тыс қызметті жүзеге асыруына тыйым салу, сондай-ақ конкурстық іріктеу және қызметтің жариялылығы сияқты шаралар талап етіледі.

«Ең бастысы, операторлардың санын азайту қажет. Қазір 9 оператор бойынша түбегейлі шаралар қабылданады. Олар заң жобасы қабылданғаннан кейін мәртебесінен айырылады. Осыдан кейін Үкімет 4 субъектіні жекешелендіру мерзімін белгілейді. Оның екеуі жеке меншікте және үшеуі ведомстволық бағынысты ұйым ретінде жұмысын жалғастырады.

18 оператор бойынша реттеу талап етілмейді, себебі олар қоғамдық қызметтерді жүзеге асырады және пайда алмайды.

Қалған 24 оператор бойынша қатаң монополияға қарсы реттеуді қамтамасыз ету ұсынылды», - деді агенттік басшысы.


Соңғы жаңалықтар