+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Елімізде 78 млн тонна көмір өндірілді

2020 жылғы 21 қазан 14:49
Бөлісіңіз:
Елімізде 78 млн тонна көмір өндірілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің көмір өндіруші компаниялары биылғы 9 айда 78 млн тонна көмір өндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналында жарияланған ақпаратқа сәйкес, энергия өндіруші кәсіпорындарға 42 млн тонна, өнеркәсіп кәсіпорындарына 4,2 млн тонна, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және тұрғындарға 6,3 млн тонна көмір жөнелтілді.

2020-2021 жылғы кезеңде арналған қажеттіліктер жоспарына сәйкес жалпы тұтыну көлемі шамамен 10 млн тоннаны құраса, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға шамамен 2,8 млн тонна, тұрғындарға – 7,2 млн тонна көзделген.

2020 жылғы 19 қазандағы жағдай бойынша көмірмен қамтамасыз ету деңгейі коммуналдық-тұрмыстық секторда 84, тұрғындарды қамтамасыз ету 76 пайызды құрады. Барлық аймақтарда көмір қоры дайындалған. Тапшылық жоқ. Өңірлер көмірді кестеге сәйкес жеткізіп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT