+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Елімізде 76 млрд тоннаны құрайтын мұнай-газ ресурстары бар деп болжануда

2020 жылғы 18 ақпан 09:36
Бөлісіңіз:
Елімізде 76 млрд тоннаны құрайтын мұнай-газ ресурстары бар деп болжануда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Каспий маңы бассейнінің терең қабаттарының әлеуеті әлі толықтай бағаланған жоқ.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда «Бекіре – 2020» балық қорғау акциясы басталды Шекарашылар браконьерлерді ұстады: Мемлекетке келген шығын 20 млн теңгеден асады Сергей Громов қырғыз тарапымен еліміздің оңтүстік өңіріне су беру мәселесін талқылады

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Геологиялық барлаудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын таныстырған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көмірсутегі туралы айтар болсақ, еліміздің 15 шөгінді бассейндерінде шамамен 76 млрд тоннаны құрайтын мұнай-газ ресурстары бар деп болжануда. Бұл шөгінді бассейндердің геологиялық зерттелу дәрежесі әртүрлі. Оның бесеуі игерілген, бесеуі аз зерттелген және бесеуінің перспективасы төмен. Каспий маңы, Үстірт-Бозашы, Маңғышлақ, Оңтүстік Торғай, Зайсан бассейндерінің терең қабаттарын геологиялық іздестіру-бағалау жұмыстарына жеке инвестициялар тарту жоспарлануда. Аз зерттелген Солтүстік-Торғай, Ертіс маңы, Арал, Сырдария, Шу-Сарысу шөгінді бассейні аумақтарында геологиялық зерттеуді мемлекеттік бюджет есебінен жүргізу қажет деп есептейміз», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Оның айтуынша, 2019 жылы мемлекеттік бюджет есебінен қатты пайдалы қазбаларға іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде Үлкен Қаратауда мұнай көзі анықталды. Енді осы аумақтың перспективасын анықтау үшін геологиялық барлау жұмыстарын әрі қарай жалғастыру керек.

«90-шы жылдары жүргізілген заманауи сейсмикалық зерттеулердің нәтижесінде Қашаған, Қаламқас-Теңіз, Солтүстік Трува және де басқа кен орындары ашылды. Бүгінгі күні ескі сейсмикалық мәліметтер көп болғанымен, оның сапасы мен нақтылығы қазіргі талаптарға сәйкес келмейді. Сол себепті, Каспий маңы бассейнінің терең қабаттарының әлеуеті әлі толықтай бағаланған жоқ. Бұл бассейн инвесторлар үшін тартымды аймақ. Қазіргі кезде көптеген отандық және шетелдік компаниялар осы бассейнде геологиялық зерттеу жүргізуге деген өздерінің ниеттерін білдіруде. Сондықтан да, жаңартылған геологиялық ақпаратты алу үшін заманауи сейсмобарлау жұмыстарын жүргізу қажет», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT