Елімізде 7 жол учаскесінде ақы алу жүйесі іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде 7 жол учаскесінде ақы алу жүйесі іске қосылды. Бұл туралы ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ол осы жылдың 1 қазаны мен 15 қарашасы аралығында 4 жолақты қозғалысы бар бірінші санаттағы республикалық маңыздағы автожолдардың 7 учаскесінде жол жүру үшін ақы алу жүйесіне қорытынды тестілеу жүргізілгенін атап өтті. Олар: «Нұр – Сұлтан – Павлодар», «Қапшағай – Талдықорған», «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Ташкент», «Щучинск-Көкшетау» учаскелері.

«Жоғарыда аталған учаскелер бойынша ақы алу жүйесін енгізу туралы бұйрықтар әділет органдарында 15 қараша күні мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтті. Ал кеше, яғни 23 қарашадан бастап заңды күшіне енеді. Сәйкесінше осы күннен бастап жол жүру ақысы алына бастады», - деді Төлеген Абдуллин.


Соңғы жаңалықтар