+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Елімізде 7 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылғы 22 қазан 17:34
Бөлісіңіз:
Елімізде 7 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің 7 облысының аумағында ауа райының құбыуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
6 желтоқсан. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы 6 желтоқсан. Қазгидрометтің күн райына болжамы Сенбі күні ауа райы қандай болады

23-25 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі, ертең көктайғақ болуы мүмкін. 24-25 қазанда батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында күші 15-20 м/с жетеді, 24 қазанда екпіні 25 м/с болады.

23 қазанда түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20, екпіні 23 м/с жетуі мүмкін.

Ертең таңертең және күндіз Қарағанды қаласында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

Ертең түнде Жезқазғанда жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

23 қазанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

23 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 23-28 м/с, екпіні 30 м/с болады, тіпті одан күшеюі мүмкін. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болуы мүмкін.

Ертең Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

23 қазанда Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

23 қазанда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында тұман түсуі ықтимал.

23 қазанда Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT