+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Елімізде 6 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылғы 5 желтоқсан 20:18
Бөлісіңіз:
Елімізде 6 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 6 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
20 қаңтарда Қазақстанда өтетін маңызды іс-шаралар Қазақстанда 17 қаңтарда өтетін маңызды шараларға шолу Елордада 15 қаңтарда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы мәслихатының құрылуына 25 жыл толуына орай республикалық конференция өтеді.

Сағат 09.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі басшылығының қатысуымен Әбіш Кекілбайұлы атындағы көшенің салтанатты ашылуы өтеді.

Сағат 9.30-да Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы түлектерінің «Дәстүрді сақтау, болашаққа ұмтылыс!» атты форумы өтеді.

Сағат 10.00-де «Hilton Garden Inn Astana» қонақ үйінің конференц-залында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың қолдауымен «Қазіргі Қазақстанның сот билігі және адам құқығы: үрдістері мен келешегі» атты Адам құқықтары жөніндегі І-ші Еуразиялық форум өткізеді.

Сағат 10.00-де Елбасы кітапханасында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған «Ел тағдырын айқындаған Тәуелсіздік» атты форум өтеді.

Сағат 10.00-де Достық үйінде «Қоғамның табысты дамуының негізі – қауіпсіз еңбек» деген атпен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың II республикалық форумы өтеді.

Сағат 10.00-де «Думан» қонақ үй кешенінде «Құрылыс кешені мен ТҮКШ салалық кәсіподағы» ҚБ ұйымдастыруымен және әріптес шет елдік қонақтардың қатысуымен «Jan' a esim» салалық кәсіподақ көшбасшыларының республикалық шеруі өткізіледі.

Сағат 11.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінде жыл сайынғы «Астана–Мерей» XV Халықаралық орындаушылар байқауының салтанатты ашылуы басталады.

Сағат 11.45-те Сарыарқа велотрегінде XIX қысқы Сурдлимпиадалық ойындарына ел құрамасын шығарып салу салтанатты шарасы өтеді.

Сағат 15.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында мұнай-газ саласының даму барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де Л.Гумиоев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы Департаментінің бастамасымен құрылған «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасы аясында студенттермен кездесу өтеді.

Сағат 16.00-де Үкімет үйі ғимаратында (15 қабат, № 1502 зал) ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы басталады.

Сағат 16.00-де Назарбаев орталығында «Қазақстанның Тәуелсіздігі және Елбасы» тілшілер байқауының салтанатты марапаттау рәсімі басталады.

Сағат 17.00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай еске алу кеші өтеді.

Сағат 18.00-де «Nomad City Hall» концерт залында туризм саласының «National National Awards 2019» екінші Ұлттық жүлдесінің марапаттау рәсімі өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.0-де Алматы Аренада бразилиялық джиу-джитсу бойынша «Arlan Grip Championship» ашық халықаралық турнирі өтеді.

Сағат 11.00-де Азаматтық орталықта жайлы қалалық орта мәселесі бойынша Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №2 комиссиясының кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 12.00-де Алматыдағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сайтында этикалық мінез-құлық, сыйлықтарға әкімшілік хаттамаларды дайындау, корпоративті қызметкерлер, бірінші басшылардың жауапкершілігі талқыланып, «Саналы ұрпақ» білім беру саласындағы жобалық кеңсенің жұмыс нәтижелері туралы брифинг өтеді.

Сағат 15.00-де Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының кинотеатрында «Атбай шайқас» фильмін түсірушілермен шығармашылық кездесу өтеді. Кездесуге режиссер және сценарист Әділхан Ержанов, бас продюсер және сценарист Әсел Сәдуақасова, продюсер Серік Әбішев, сондай-ақ жетекші актерлер Санжар Мәди мен Динара Бақтыбаева қатысады. Шығарушылар «Атбай шайқасы» картинасын жасау процесі туралы әңгімелейді.

Сағат 18.30-да Q-lab Space кеңістігінде Алматының көшелері мен қасбеттерін абаттандыруға арналған дизайн кодын таныстыру бойынша ашық қоғамдық тыңдау өтеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT