+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Елімізде 19 ақпанда болатын маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылғы 18 ақпан 20:17
Бөлісіңіз:
Елімізде 19 ақпанда болатын маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 19 ақпан күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 11 мамыр күні болатын шаралар аңдатпасы

Сағат 9.30-да Бас прокуратураның ғимаратында Бас прокуратураның бұқаралық ақпарат құралдарына арналған цифрлық жобалары таныстырылады.

Сағат 10.00-де «ҚР Қаржы министрлігінің 2020 жылғы қызметінің қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері» тақырыбында ҚР Қаржы министрлігінің алқа мәжілісі өтеді. Тікелей көрсетілім сілтемесі:

https://youtube.com/user/minfingovkz.

Сағат 10.00-де Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғимаратында көрнекті ғалым Салық Зимановқа және академиктің атындағы аудиторияның ашылуына арналған республикалық конференция өтеді.

Сағат 12.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елордада COVID-19 вирусына қарсы вакциналау - 2 апта қорытындысы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов. Онлайн баспасөз-конференциясы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook-тегі ресми парақшасында https://www.facebook.com/nursultanakimat/ тікелей эфирде өтеді.

Сағат 15.00-де «Астанадағы ЕҚЫҰ-2010 саммитінің тарихи мәні мен өзектілігі» халықаралық онлайн-конференциясы өтеді. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырады.

Сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат» және III дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Түлектер қауымдастығының президенті, Құрметті профессоры Төлеубек Төлеуұлы Мұқашевтың «Балалық шаққа саяхат» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

Сағат 16.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Зейнетақы жинақтарын медициналық қызметтерге пайдалану» тақырыбында брифинг өтеді. Спикерлер: Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директордың орынбасары Гүлнар Сарсенбаева, медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің Амбулаторялық-емханалық және жедел медициналық көмек басқармасының басшысы Батырхан Сарымсаков, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ибрагимова Ляззат, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

АЛМАТЫ

Сағат 15.00-де Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде Алматы қаласының қоғамдық тамақтану саласындағы бизнес субъектілерімен дөңгелек үстел өтеді. Іс-шараға ZOOM платформасы арқылы қосылуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT