Елімізде 1554 мүлік иелерінің бірлестігі құрылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы пәтер иелерінің басын біріктіретін 7499 ұйымның 1554-і – мүлік иелерінің бірлестігі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде айтты.

«Бүгінге дейін жаңа басқару формасындағы 7499 бірлестік құрылды. Оның ішінде 1554-і – мүлік иелерінің бірлестіктері. МИБ құрудың ерекшелігі пәтер иелерінің іске тікелей арасыуына бағытталған. Мысалы, бірнеше үйді біріктіретін пәтер иелері кооперативтерінде оның мүшелері меншік иелері емес. Сондықтан олар МИБ құруға қатыса алмайды. Ал МИБ жұмысында мүлік иелерінің дауыс беруі жүргізіледі. Яғни, әрбір пәтер иесінің еркі мен талабы ескеріледі. Осы дауыстарды есептей келіп, ортақ шешім шығарылады. Сол бойынша хаттама толтырылып, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы әділет органдарына жолданады. Яғни, ПИК-ті МИБ-ке айналдыра салу мүмкін емес. Бұл - өз алдына жаңа құрылым. МИБ - коммерциялық емес ұйым екенін түсіну керек», - деді Нұрбек Серіков.

Оның айтуынша, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестігінің арасындағы дау бойынша 68 іс сотта қаралып жатыр.

«ПИК өкілдерінің қаржылық-техникалық есептерді дұрыс өткізбеуі бойынша мәселелер бар. Республика бойынша 68 сот ісі қаралып жатыр. Оның жартысы ПИК төрағаларының және мүшелерінің пәтер иелерінің жиынындағы шешіміне қарсы шағым түсіруімен байланысты. Тағы бір жартысы қаржылық-техникалық құжатты өткізу актісімен байланысты. Әрине, көбіне мұндай даулар тұрғындардың мүддесіне орай шешіліп жатыр. Өйткені қаржылық-техникалық құжатты тапсыру тәртібі заңмен бекітілген. Пәтер иелерінің жиынында шешім шығару тәртібі де нақты бекітілген. Сондықтан сот органдары заң аясында тұрғындардың мүддесіне сай шешім шығарып отыр», - деді «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар