Елеусіновтің бапкері алғашқы кәсіби айқастағы күтпеген жағдай туралы айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық жаттықтырушы және Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің әкесі Марат Елеусінов кәсіпқой рингтегі дебюттік жекпе-жекте ұлының жарқын жеңісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Еске салайық, кеше Риодағы Олимпиада чемпионы америкалық Ноа Кидданы техникалық нокаутпен жеңді.

«Бәрі жақсы болды. Әрине, біз жекпе-жекті тез аяқталады деп жоспарлаған жоқпыз. Себебі, айқастың қалай болатынын алдын ала болжау мүмкін емес. Жоспарымыз өз мақамымызбен жұмыс істеп, соққыны жіберіп алмауға тырысу болатын. Соққы алмасуға жол бермей, өз сәтімізді күтіп, дер кезінде қимылдау еді. Біз Қазақстандағы дайындық кезінде жақсы жұмыс істедік. АҚШ-қа келгенімізге небәрі бір аптадан да аз уақыт болды. Сондықтан, бәрі жақсы сияқты», - деп атап өтті М.Елеусінов.

Оның ақпараты бойынша, ертең Данияр Елеусінов Флоридаға жол тартады. Онда маусымға жоспарланған келесі жекпе-жекке дайындықты бастайды.

Соңғы жаңалықтар