Электрондық формат нәтижесінде 8,4 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Электрондық форматтың нәтижесінде бюджет қаржысынан 8,4 миллиард теңге үнемделді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл AntikorLive бағдарламасында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлық жаһандық деңгейдегі мәселе. Оны түбегейлі жеңген мемлекет жоқ деп айтуға болады, бірақ солай екен деп оған немқұрайлы қарап, мойынсұнуға болмайды. Жемқор шенеунің Отанын да, отауын да, мемлекетін де сатып кетеді. Айналып келгенде тәуелсіздіктен айырады», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл.

Оның айтуынша, биыл 23 қаңтарда «Трансперенси Интернешнл» халықаралық қоғамдық ұйымы сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінің рейтингісін жариялады.

«Нәтиже бойынша, жемқорлықпен күресте Қазақстан Орталық Азия бойынша көшбасшы ел болып тұр. Рейтинг бойынша 113-орында тұр. ТМД мемлекеттері кеңістігіндегі біраз мемлекеттен озып тұрсақ та, біздің алдымызда өзге мемлекеттер бар. Біз дамыған мемлекеттер қатарына енеміз деп ұмтылып отырған болсақ, жемқорлықпен күресті өрістете түсуіміз керек. Бұл үшін бірқатар шаралар атқару керек. Мысалы, бюджеттің ашықтығын қамтамасыз етуіміз керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылғалы көп нәрсенің беті ашылып жатыр. 2019 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есепке назар аударған кезде тиімсіз пайдаланылған қаржының сәл-пәл болсын азайғанына көз жеткіздік. Парламентте де аудит және қаржылық бақылау туралы заң қабылданып, былтыр күшіне енді. Сондай-ақ, электрондық форматқа көшуіміз керек. Осы форматтың арқасында бюджет қаржысынан 8,4 миллиард теңге үнемделген», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар