+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Электрондық еңбек биржасында III тоқсанда 176 мың бос жұмыс орны орналастырылды

2020 жылғы 28 қазан 09:29
Бөлісіңіз:
Электрондық еңбек биржасында III тоқсанда 176 мың бос жұмыс орны орналастырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың III тоқсанында Электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі – ЭЕБ) білікті қызметкерлер үшін 176 мың бос жұмыс орны орналастырылған. Бұл II тоқсанға қарағанда 20,1 мыңға және I тоқсанға қарағанда 48,9 мыңға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
70 мыңнан астам жамбылдық жұмыспен қамту шараларына тартылған Есеп бергенде қызметкерлердің санын көрсетпейтін жұмыс беруші олардың құқығын бұзады

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-да (бұдан әрі – ЕРДО) атап өткендей, ағымдағы жылдың шілде айында бос жұмыс орындарының ең аз саны орналастырылған – 44,4 мың, бұл 5 шілдеден 3 тамызға дейін қосымша карантиндік шараларды енгізуге байланысты болуы мүмкін. Бірақ біртіндеп жеңілдегеннен кейін сұраныстың өсу тенденциясы байқалды.

«Түйіндемені орналастыру бойынша да осындай динамика бар. Мәселен, 2020 жылдың шілдесіне 32,3 мың болды, бірақ III тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыс іздеп жүрген 123,1 мың маман бар болып шықты. Тек тоқсанға ғана емес, сонымен қатар соңғы 12 ай бойынша да қыркүйек айында ЭЕБ-да ең көп – 47,3 мың түйіндеме орналастырылған», – деді ЕРДО Болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Білікті қызметкерлерге ең көп қажеттілік Нұр-Сұлтан (23,2 мың бос орын) және Алматы (19,3 мың) қалаларында, сондай-ақ Қостанай (19,1 мың) және Қарағанды (17,6 мың) облыстарында байқалды. Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында түйіндемелер саны ұсынылған вакансиялар санынан басым екені байқалады. Атырау облысында 100 бос орынға 220 түйіндеме, Қызылорда облысында – 180 түйіндеме, Маңғыстау облысында – 142 түйіндеме келді.

Айта кету керек, кәсіби топтар бойынша кәсіпқой мамандар ең белсенділері болып табылады, олардың сұранысы тұтастай ұсынысқа сәйкес. ЭЕБ-да өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да ұқсас салалар үшін 40 мыңнан астам бос жұмыс орны орналастырылды. ЕРДО сарапшыларының пікірінше, бұл топқа сұраныс «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты. Бұл ретте жол жұмысшысы мамандығы өткен тоқсандағыдай республика бойынша тапшы мамандықтар қатарында тұр. Мұнда 4,8 мың адам жетіспейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT