Елбасының жүргізген саясатын Тоқаев одан әрі жалғастырады - Такео Кавамура

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп келген саясатын Қасым-Жомарт Тоқаев одан әрі жалғастырады. Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы, Жапонияның Парламен өкілдері палатасының депутаты Такео Кавамура осылай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев xалықтың 70% астам дауысын жинап, жеңіске жеткендігіне қатысты жаңалықты естуіме орай шын жүректен қуанышымды білдіремін.

Нұрсұлтан Назарбаев өз еркімен өкілеттігін тоқтатқаннан соң, Конституцияға сәйкес Президент лауазымына келген Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын президенттік сайлауда ұсынды.

Ақпарат көздеріне сәйкес, дауыс көрсеткішінің 70%-дан асуы, Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың жүргізіп келген саясатының жоғары бағалануымен байланысты», деді Такео Кавамура.

Ол Тоқаевтың осы саяси бағытты одан әрі жалғастырамын деген мақсатта болғанын жеткізді.

«Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде осы саяси бағытты одан әрі жалғастырамын деген мақсатпен сайлауда күресті деп естідім. Сол себепті, жалпы Н.Назарбаевтың осы уақытқа дейін жүргізіп келген жетістіктерінің xалық арасында бағаланып отырғандығына өте қуанышты екендігімді айтқым келеді», деді ол.

Еске сала кетсек, 12 маусымда елордадағы Тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына ант берді.

Соңғы жаңалықтар