Елбасының үндеуі жастардың жігерін арттырады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысы Іле ауданы «Nur Otan» партиясының мүшесі, джиу-джитсудан спорт шебері Нұрсұлтан Орынбасаров Елбасының халыққа жасаған үндеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазақ халқы аштық, соғыс, зұлмат, оба, індет, шапқыншылық секілді қиыншылықтың бәрін бастан өткерген. Бірақ, ешқашан бірлігі ажырамаған, намасы жығылмаған қайсар ұлт.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жасаған үндеуі біздің жігерімізді арттырды. Әсересе, жаңа өскін - жас ұрпаққа айтқан сөздері біраз міндет жүктеді. Өз басым «Сағадат Нұрмағамбетов»атындағы спорт мектебінің жаттықтырушысы, ұстаз және тәуелсіздік жылдары дүниеге келген азамат ретінде зор міндет сезіндім. Бұл уақыттар бүкіл әлемнің басына келген сынақ уақыты. Сондықтан ел болып тәртіпке бағынып, бірлігіміз ыдырамай жеңіп шығуымыз керек. «Құдайдан жеңіл жүк сұрама, сол жүкті көтере алатын арқа сұра», демекші әрбір азамат өз міндетімізді артығымен орындасақ жазылмас дерт, алынбас қамал жоқ. Әлі- ақ иен далада көкпар тартып, алты қырдан асырып ән салып, Сағынайдың асындай тойлар жасап, жадырайтын күндеріміз келеді.Түн болмаса күн қадірсіз болатыны сияқты, осы кезеңдер де еркіндіктің қадірін сезіндіріп жатқаны анық»,– дейді спорт шебері Нұрсұлтан Орынбасаров.


Соңғы жаңалықтар