Елбасының Үкімет пен Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясы мүшелерімен өткізген жиынның толық видеосы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18 қазан күні ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет, «Nur Otan» партиясы және Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының мүшелерімен жиналыс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеңесте «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы мен «100 нақты қадам» ұлт жоспары» бағдарламасы қаралды.

Отырыс барысында Премьер-Министр Асқар Маминнің, Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары және Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың, Премьер-Министрдің орынбасарлары Бердібек Сапарбаевтың және Роман Склярдың баяндамалары тыңдалды.

Ұсынылған ақпаратты тыңдаған Нұрсұлтан Назарбаев елдің дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы партияның айрықша рөл атқаратынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар