Елбасының сенімі, партияның қолдауы ерекше күш-қуат береді - Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мен дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, игілік және әділет жолын ту етіп, қарқынды дамуды жалғастыруға бар күшімді саламын. Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде партия атынан ҚР президенттігіне кандидат ретінде бекітілген Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясы көпұлтты қоғамымыздың бірлігін нығайту жолында аянбай еңбек етіп, Қазақстанды дамыту жолындағы игі істерге барша халқымызды жұмылдыратындығын баса айтты.

«Тарихтың жаңа тарауын бастаған егемен еліміз тағы бір маңызды кезеңнің алдында тұр. Елбасының парасатты пайымы ел жылнамасында жасампаздықтың жарқын парағын ашты. Осындай аса жауапты сәтте Елбасының сенімі, партияның қолдауы маған ерекше күш-қуат береді. Мен дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, игілік және әділет жолын ту етіп, қарқынды дамуды жалғастыруға бар күшімді саламын. Баршаңызға көп рахмет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі съезд барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын «Nur Otan» партиясынан ҚР Президенттігіне үміткер ретінде ұсынған болатын. Съезге қатысушылар ұсынысты бірауыздан қолдап дауыс берді.

Соңғы жаңалықтар