Елбасының көшбасшылық жолы: Ақмолада өткен ашық сабаққа 144 мың жеткіншек қатысты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақ өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. Еліміздің егемендігін нығайту, ішкі және сыртқы саясаттың стратегиялық басымдықтарын, жаһандық және өңірлік бастамаларды іске асыру бойынша Нұрсұлтан Назарбаевтың 28 жылғы қызметін бүкіл халықаралық қоғамдастықтың мойындауы мен құрметінің заңды қорытындысы.

«Елбасының көреген бастамаларының арқасында Қазақстан халықаралық аренада мойындалып, әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды. Біздің мемлекетіміздің ЕАЭО, ШЫҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық етуі, 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы және халықаралық EXPO-2017 көрмесін өткізуі Қазақстанның және оның Көшбасшысының жоғары беделін көрсетеді», - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Өңірдегі мектептер меен колледждерде өткен ашық сабаққа қоғам, мәдениет қайраткерлері, аудандық және қалалық мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері шақырылды. Мәдени сторителлинг барысында белсенді диалог өткізілді. Онда балаларға Елбасының әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке сөзсіз үлес қосқан бастамалары туралы баяндалды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы деректі фильмдер көрсетілді. Спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары марапатталды. Мектеп фойелері және кітапханаларда Тұңғыш Президенттің өмірі мен қызметі туралы фотоматериалдардың көрмесі ұйымдастырылып, Елбасының тағдырына арналған кітаптардың тұсаукесері өтті.

«Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабаққа Ақмола облысы бойынша 556 мектеп пен 33 колледждегі 144 мыңнан астам оқушы мен студент қатысты», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар