+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Елбасына ескерткіш орнату идеясы мүлдем ұнамайды – Айдос Үкібай

2021 жылғы 27 мамыр 16:39
Бөлісіңіз:
Елбасына ескерткіш орнату идеясы мүлдем ұнамайды – Айдос Үкібай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзіне ескерткіш орнату сынды сыйлықтарды мүлдем ұнатпайды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Елбасы бұл идеяны және осыған дейін көтерілген өзге де бастамаларды қолдаған жоқ. Оған ескерткіш орнату, сәулет нысанының атауын өзгертумен байланысты мұндай «сыйлықтар», әсіресе бұл «сыйлықтар» жергілікті шенеуніктер ұйымдастырса мүлдем ұнамайды. Нұрсұлтан Әбішұлы мұндай көңіл аударулардың қажет еместігін сан мәрте мәлімдеген болатын. Кейде кейбір адамдар әдейі ақпараттық шу тудырғысы келетіндей әсер қалдырады. Тарихта ол өз атын жаңа жобаға беруге келіскен бір ғана жағдай болды. Бұл - университет пен зияткерлік мектептер», - деді Елбасының баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар ол Астана күні, Тұңғыш Президент күні және өзге де атаулы даталар ең алдымен адамдар, еліміздің азаматтары үшін мейрам екендігіне баса назар аудартты.

«Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өтеді және де барлығымыз үшін басты сыйлық ескерткіштер немесе атау өзгерту емес, халқымыздың бірлігін, тұрақтылығын, әл-ауқаты мен гүлденуін сақтауға бағытталған жүйелі іс-шараларды сапалы жүзеге асыру болуы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, оның еңбегінің ең үздік ескерткіші – бұл жарқын болашаққа ұмтылатын, ілгері ойлай білетін жастар, бұл заманауи елордасымен, өз Отанын шынайы сүйетін азаматтарымен гүлденіп келе жатқан Қазақстан», - деді Айдос Үкібай.

Естеріңізге сала кетсек, ТҮРІКСОЙ-дың Бас хатшысы Билал Чакыджи «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы: әріптестік интеграциясы мен келешегі» атты халықаралық онлайн-конференция барысында Түркістанда Елбасы Н.Назарбаевқа ескерткіш орнату туралы бастама жасаған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT