+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Елбасыға хат жазған ЖОО түлегі партия қатарына алынды

2019 жылғы 13 қыркүйек 22:24
Бөлісіңіз:
Елбасыға хат жазған ЖОО түлегі партия қатарына алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Адал білім» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ жаңа жобаларымен және коворкинг-орталықпен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Міндетін орындай алмайтын ЖОО-лар мен колледждер қысқартылуы мүмкін - Сапарбаев Көкшетауда «Antikor ortalyǵy» сервистік орталығы ашылды Түлкібас ауданының әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

Университет ректоры Талғат Нәрікбаевтың айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа алып келуі мүмкін жағдайларды азайту мақсатында бүгінде оқу орнындағы барлық қызмет онлайн түрде көрсетіледі.

«2014 жылы біз студенттерге «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет түрлерін алуға мүмкіндік беретін орталық аштық. Бұл бағыттағы жұмыстарды одан ары жалғастырып, қазір барлық қызметті электронды түрде көрсетеміз. Сәйкесінше, әкімшілік шығындар қысқарды, қосымша алаңдар босап, ол жерден қазіргі заманға сай коворкинг-орталық аштық. Сондай-ақ біз арнайы мобильдік қосымша әзірледік. Оның көмегімен студент жатақхана алуға өтініш білдіруге, оқу құнын есептеуге, эдвайзерден кеңес алу үшін жазылуға мүмкіндік алады», – деді ректор.

Жастармен жүздесу барысында Бауыржан Байбек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының және Елбасы- «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған партия қызметін қайта жандандыруға қатысты жүзеге асып жатқан жұмыс барысы туралы айтты. Заң университетінің студенттерімен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген сот және құқыққорғау жүйелеріндегі реформалар, сыбайлас жемқорлықпен жүйелі түрде күресу, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және тағы басқасы талқыланды.

«Цифрландыру – сыбайлас жемқорлықпен күресудің және оны жоюдың, жариялылық пен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі. Бүгінгі таңда бұл университетте студенттерге оқытушыларды өздері таңдауға, олардың жұмысын жасырын түрде бағалауға жағдай жасалған. Бұл өте маңызды. Өйткені, жастар өздерінің әрбір ісі үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Біз жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға айрықша мән беріп отырмыз. Себебі, егер адам жас кезінен бастап әділетсіздік көретін болса, оның өмірге деген көзқарасы дұрыс қалыптаспайды», – деді Бауыржан Байбек. Кездесу соңында «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары университет ректоры Талғат Нәрікбаев пен өзінің «Nur Otan»-ның қатарына өткісі келетіні туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазған осы оқу орнының түлегі Ерлан Төлегеновке партиялық билетті табыс етті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT